Қазақстандық «AVANGAR» командасы бразилиялық қарсыластарынан ұтылып, жарыстан шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«АВАНГАР» мен «МИБР» командалары арасындағы ойын 1:2 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. Бразилиялықтар үш картаның екеуінде жеңіске жетті. Осылайша олар CS-тің жартылай финалында ойнауға мүмкіндік алды. Бразилиялық команданың келесі қарсыласы - финландиялық «ENCE» ұжымы.