Бүгін, 22 қарашада Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 67 жасқа толды, деп жазады Prosports.kz.

Баталов 2014 жылдың тамызында Алматы облысының әкімі болып тағайындалды. Ал оған дейін Амандық Баталов Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі (1995-2001), Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары (2008-2014 жж.) сынды қызметтерді атқарған.

Сонымен қатар, Баталов Алматы қаласы және Алматы облысы волейбол федерациясының президенті (2001 жылдан бастап) қызметін қатар атқарады.

Амандық Ғаббасұлына мықты денсаулық және одан әрі шығармашылық табыс тілейміз.