2020 жылғы Еуропа чемпионатына қатысу мүмкіндігі бар Шотландия құрамасы плей-офф кезеңінде С тобына түсті, деп хабарлайды Prosports kz.

Шотландиялықтар жартылай финалда Израиль құрамасымен ойнайды. Бұл топтың екінші жартылай финалында Норвегия мен Сербия құрамалары кездеседі. Екі жеңімпаз команда құрлық біріншілігіне жолдама алады.

Айта кетелік, Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде өз топтарында үшінші орын алған командалар төр топқа бөлінген. 4 топтың жеңімпаздары финалдық турнирге тікелей барады.