Аты шулы Марио Балотеллидің төңірегінде тағы да дау туды, деп жазады Prosports.kz.

29 жастағы шабуылшыны «Брешияның» бас бапкері Фабио Гроссо жаттығудан қуып жіберді. Басты себеп, футболшының жаттықтыру процесіне немқұрайлы қарауы.

«Брешия» қатарына Балотелли осы маусымда қосылған еді. Марио 7 матчта алаңға шығып, 2 гол соқты. Команда болса 11 турдан кейін 7 ұпаймен көш соңында келеді.