Чемпиондар лигасы Элиталық кезеңінің алғашқы ойынында алматылық «Қайрат» испаниялық «Эль Посодан» 1:4 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайраттың» басымдылығымен өткен алғашқы таймның соңғы минутында, өкінішке орай, қонақтар есеп ашып кетті. «Эль Посо» капитаны Алекс сол қапталда Дәурен Нұрғожинді айналып өтіп, қақпа алдында пас шығарған еді. Керек жерден керек уақытта табыла кеткен Фернан Игита қақпасына бірінші голды соқты.

Екінші тайм қазақстандық команданың шабуылдарымен басталды. Үздіксіз шабуылдар өз нәтижесін беріп, Луизиньо таблодағы көрсеткішті теңестірді.