34-жастағы шабуылшы Криштиану Роналду «Ювентус» клубындағы командаластарымен қарым-қатынасын жақсартпақ, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Миланмен» болған ойындағы қылығынан кейін, туриндік клубтың ойыншылары Роналдуды жақтырмай қалған болатын. Еске сала кетелік, миландықтармен өткен ойында португалиялықты ойын барысында алмастырған бас бапкер Маурицио Сарриге өкпелеген футболшы оның қолын алмай кеткен-ді.

Криштиану «Ювентус» футболшыларын кешкі асқа шақырып, татуласуға ниетті.