«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси Еуропаның үздік 5 чемпионатында доп тебетін футболшылардың ішінде шебері атанды. Opta компаниясының мәліметінше, соңғы 13 жылда Месси дриблинг көрсеткіші бойынша үздік шыққан. Аргентиналық футболшы 1880 мәрте қарсыласын алдаса, оның 57,2% сәтті шыққан. Еуропаның үздік 5 чемпионатындағы ең шебер 10 футболшы: 1. Лионель Месси («Барселона») – 1880; 57,2% сәтті 2. Эден Азар («Реал») – 1220; 57,1% 3. Франк Рибери («Фиорентина») – 939; 47,9% 4. Серхио Агуэро («Манчестер Сити») – 832; 46,6% 5. Криштиану Роналду («Ювентус») – 816; 44% 6. Хоакин («Бетис») – 798; 50,9% 7. Хатем Бен-Арфа (без клуба) – 770; 50,6% 8. Андрес Иньеста («Виссел Кобе») – 739; 60,9% 9. Роберто Фирмино («Ливерпуль») – 736; 56,8% 10. Неймар («Пари Сен-Жермен») – 734; 50,2%.