Бүгін 17 қарашада Португалияның Одивелаш қаласында дзюдодан клубтар арасында Еуропа лигасы басталады, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев та аталмыш турнирге қатысады.
Додаға 6 әйелдер клубы, 11 ерлер клубы бақ сынайды. Ислам Бозбаев грекиялық «Арис» клубының намысын қорғайды. Турнирде 22 елдің 171 спортшысы белдеседі.
Комментарии