Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасы Жапонияда өтетін «Grand Slam» жарысына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына cілтеме жасап.

22-24 қараша күндері Жапонияның Осака қаласында дзюдодан кезекті әлемдік Grand Slam турнирі өтеді. Дүбірлі додаға әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибраев (60 келі), Жансай Смағұлов пен Жанболат Бағытбергенов (екеуі де 73 келі), Руслан Мұсаев (81 келі), Ерсұлтан Мұзаппаров (90 келі), Айбек Серікбаев (100 келі) және Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) қатысады.

Сондай-ақ, Осака татамиінде ел намысын бұрымды балуандардан Отгонцэцэг Галбадрах (48 келі), Севара Нишанбаева (57 келі) және Зарина Райфова (78 келі) қорғайды.