Даңқты балуан Елдос Сметов белгілі әнші Серік Ибрагимовпен бірге ән айтты, деп жазады Prosports.kz.

Әнші мен спортшы «Жаным, бауырым» деген ән жазып, клип түсірген екен. Бұл туралы Сметов инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жазды.

- Өнер мен спорт-егіз, Болар елдің баласы бірін бірі батыр дейді. Бір-бірімізді қолдамасақ, жігіттігімізге сын болады деген ниетпен түсірген бейнебаянымызды қабыл алыңыздар! Жігітке жеті өнер де аз деген мақалдың дәлелі осында. Ендеше тамашалайық, пікір қалдырайық! Серік Ибрагимов пен Елдос Сметовтың «Жаным, бауырым» атты су жаңа дуэтін қабыл алыңыздар, - деп жазды спортшы.