Халықаралық дзюдо федерациясы Әбу-Дабиде өткен «Grand Slam» жарысынан кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Grand Slam» жеңімпазы атанған Ғұсман Қырғызбаев 3 сатыға жоғарылап, жаңа рейтингте 8-ші орынға жайғасты. Аталған жарысты 5-ші орынмен аяқтаған Елдос Сметов 2-ші орынға көтерілді.

Жаңартылған рейтинг бойынша қазақстандық дзюдошылар келесідей орналасқан (1-50):

60 кг Елдос Сметов – 2 орын (5481 ұпай)

Ғұсман Қырғызбаев – 8 (4026)

66 кг Ерлан Серікжанов – 9 (3456)

Елдос Жұмақанов – 13 (3209)

73 кг Жансай Смағұлов – 26 (2050)

81 кг Дидар Хамза – 19 (2528)

Руслан Мусаев – 42 (1280)

90 кг Ислам Бозбаев – 11 (3462) -100 кг

Виктор Демьяненко – 48 (953)

+100 кг Ерасыл Қажыбаев – 34 (1481)