Ақтөбеде бірнеше спорт түрлерінен Конфедерация кубогының төртінші іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақтөбе, Атырау, Павлодар және Ақмола облыстарының өкілдері, сондай-ақ Алматы қаласы грек-рим, еркін күрес, дзюдо, таэквондо және каратэден жартылай финалға жолдамалар үшін күш сынасты.

Алматылық команда грек-рим, еркін күрес, таэквондо және каратэ бойынша қарсылас шақ келтірмей, жартылай финалға өтті. Дзюдода Ақтөбе облысының спортшылары сенімді жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, жартылай финал мен финал Алматыда, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының алаңында 7 мен 8 желтоқсан аралығында өтеді.