Бүгін Беларусьтің Минск қаласында конькимен жүгіру спортынан әлем кубогінің бірінші кезеңі басталады.

Үш күнге созылатын кубоктік додаға Қазақстан құрамасы да қатысады.

Бас бапкер Дмитрий Бабенко төмендегі спортшыларды жарысқа қоспақ:

3000 метр, әйелдер – Надежда Морозова 5000 метр, ерлер – Дмитрий Морозов, Демьян Гаврилов, Виталий Щиголев. Командалық спринт – Артур Галиев, Роман Креч, Станислав Палкин.

Турнирде әлемнің 15 мемлекетінен келген спортшылар бақ сынайды.