Биатлоннан Қазақстан командасы Ақмола облысына қарасты Щучинск қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде деп хабарлайды Olympic.kz.

8 қарашада басталған жиын 28 қарашаға дейін созылмақ. Бұл жаңа маусым қарсаңындағы соңғы дайындық кезеңі саналады. Осыдан соң команда мүшелері халықаралық жарыстарға аттанады. Щучинскідегі жаттығу кезеңі аяқталған соң, Әлем кубогі және IBU кубогі кезеңдеріне қатысатын спортшылар есімі анықталады.

Биатлоншылар үшін жаңа маусымдағы алғашқы жарыс Швецияның Эстерсунд қаласында басталады. Әлем кубогінің алғашқы кезеңі 28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында аталған қалада өтеді.