Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) алда үлкен жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жеңіліс дәмін татпаған спортшы мәскеулік Bupas Gym залында, әйгілі бапкер Андрей Ивичуктың жетекшілігімен дайындалып жатыр.

Жүкембаевтың шаршы алаңға қашан оралатыны әлі белгісіз.

Еске сала кетейік, 26 қыркүйек күні Батыр Канаданың Монреаль қаласында мексикалық Мигель Васкесті (41-9, 15КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын, соның арқасында орта алмақтағы WBA Intercontinental және IBF Inter-continental белбеулерін жеңіп алды.