Америкалық тележүргізуші Саймон Маджумдар Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі 2020 жылдың мамыр айында өтпейді деп санайды.

Журналистің пікірінше, бірінші «Канело» WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен жұдырықтасқысы келеді.

«Менің ойымша, келесі шайқаста «Канело» Сондерспен жекпе-жек өткізеді. Сөйтіп ол Головкиннің рингте әбден қартайғанын күтеді», - деп жазды Маджумдар Twitter-дегі парақшасында.

Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін поляк боксшысы Камил Шереметаға қарсы өткізуі мүмкін.

Танымал бапкер: «Канело» Головкинді нокаутқа түсіреді