Беделді The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер орта салмақта Бүкіләлемдік бокс суперсериясының жарысына кімдердің қатысуы мүмкін екенін болжады.

- WBSS орта салмақта жарыс ұйымдастыруды қолға алса, қатысушылардың ішіндегі ең танымалы Деметриус Андраде болмақ. Бұл турнирдің қызық болмайтынын білдірмейді. Оның қарсыластары ретінде жеңілмеген боксшыларды таңдауға болады. Олар: Қанат Ислам мен Эскива Фалькао, қауіпті ардагер Матвей Коробов пен Туреано Джонсон, болашағынан үміт күттіретін Жәнібек Әлімханұлы мен Мейірім Нұрсұлтанов, Эдгар Берланга, Дмитриус Баллард, - деп жазды The Ring журналының бас редакторы.