Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий Гамбургте (Германия) өткен жекпе-жегінде жеңіске жеткеннен соң әлемдік рейтингіде көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Отандасымыз хорватиялық Агрон Смакичиді нокаутпен жеңді. Жекпе-жек алғашқы раундта-ақ аяқталды. Осылайша, Жан ауыр салмақта IBO Inter-continental титулын иеленді.

Осы жеңісінен соң Жан Кособуцкий BoxRec рейтингінде 171-ші орыннан 79-шы сатыға көтерілді.