Нысана көздеу және стенд ату спортынан Дохада өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында Қазақстан тағы екі медаль жеңіп алды.

Жасөспірімдер арасындағы сында Эдуард Ещенко чемпион атанды. Ол стенд атудан «скит» бағдарламсы бойынша топтан озды.

Екінші орынды Үндістан, үшінші сатыда Қытай спортшылары орналасқан.

Зоя Кравченко аталған бағдарлама бойынша қола жүлдеге қол созды. Алтын және күміс жүлдені Қытай спортшылары өзара бөлісті.