Бұл күндері Индонезияның Богор қаласында спорттық құзға өрмелеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Қазақстан командасының мүшесі Тамара Улжабаева "боулдеринг" бағдарламасы бойынша финалға жолдама алды.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері бүгін анықталады.

Сондай-ақ, "жылдамдық" бойынша Қазақстан ерлер командасының үш мүшесі финалға шыққанын кеше хабарлаған болатынбыз.