Нысана көздеуден Катар астанасы Дохада өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір алтынмен толықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жасөспірімдер арасында сынға түскен Никита Чирюкин құрлық үздігі атанды. Ол 25 метрге тапанша көздеуден Азияның алтынын иеленді.

Күмісті Оңтүстік Корея өкілі Гунхек Ли алса, қоланы үндістандық Харш Шупта жеңіп алған. Айта кетелік, бүгін Константин Малиновский де құрлықтық турнирде топ жарған болатын.