Улан-Баторда (Моңғолия) бокстан жастар арасында Азия чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық боксшы Махмуд Сабырхан іріктеу кезеңінде жеңіске жетті. Ол жергілікті спортшы Баярсайхан Алтантунганы 5:0 есебімен ұтты.

Боксерлер 52 келіге дейін салмақта жұдырықтасты.

Сабырханның келесі қарсыласы Филиппин елінің өкілі Джон Винсент Пангга болмақ.