Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды.

ESPN Deportes мәліметінше, Сауль Альварес мамыр айында екінші орта салмақта WBO тұжырымының чемпионы Билли Джо Сондерске қарсы жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Егер осы жекпе-жекте жеңіске жетсе қыркүйек айында Мексиканың Тәуелсіздік күніне орай Геннадий Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін «Канелоның» мамыр айындағы жекпе-жегін Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile кешені қабылдайтыны анықталды.