Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тың Фресно қаласында титулды жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бүгін екі боксшы Америкада салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Қазақстандық боксшының салмағы 159,8 фунтты (72,1 кг) құраса, Жәнібектің қарсыласы 71,6 кг болды.

Айта кетейік, Әлімханұлы 9 қараша күні АҚШ-та (Калифорния штаты) өзіне тиесілі WBC Continental Americas белбеуін қорғау үшін Нигериядан шыққан канадалық Альберт Онолуносемен (24-2-1, 8 КО) жұдырықтасады.

Әлімханұлы титулды жекпе-жегінің промо-ролигін жариялады

Әлімханұлының АҚШ-тағы жекпе-жегін қай телеарна көрсетеді

ВИДЕО. Әлімханұлы алдағы жекпе-жекке қалай дайындалып жатыр