Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов 7 қарашада өтетін жекпе-жегіне дайындалып жатыр деп хабарлайды Prosports.kz.

Былғары қолғап шебері Instagram желісіндегі парақшасына жаттығу кезінде түсірілген видеосын жариялады.

Еске сала кетелік, жерлесіміздің қарсыласы аргентиналық Хосе Антонио Вильялобос (12-5-2, 7 КО) болмақ. Бұл жекпе-жек 7 желтоқсанда Монреальда (Канада) өтеді.