Португалиялық маман Жозе Моуринью «Баварияның» бас бапкері болудан үмітті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Моуринью «Бавария» басшылығынан 2022 жылға дейінгі үш маусымдық келісімшарт туралы ұсыныс тастап көрген. Неміс клубы 56 жастағы португалиялықтың ұсынысы туралы ойланып жатыр. Дереккөздердің жазуынша, жақында шешім қабылданады.

Моуриньоның соңғы жұмыс орны ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубы болатын. Ол аталмыш команда ойыншыларын 2018 жылдың соңына дейін жаттықтырды.