Франциялық маман Арсен Венгер мюнхендік «Баварияны» жаттықтыруға үміткерлер тізімінен алынды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sky Germany-ге сілтеме жасап.

Бұған дейін мюнхендік клуб Венгерге маусым соңына дейін келісімшарт ұсынатыны хабарланған.

Арсен Венгер 1996-2018 жылдар арасында лондондық «Арсеналды» жаттықтырған болатын. Былтырдан бері ол ешқандай клубты баптаған жоқ.

Ал соңғы 1,5 жылда «Баварияның» тізгінін Нико Ковач ұстаған.

«Бавария» 18 ұпаймен Германия чемпионатында төртінші орында келеді.