9 қарашада Гавайан Гарденс (Калифорния штаты) қаласында қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (13-0, 6 КО) кәсіби рингтегі кезекті айқасын өткізеді, деп жазады ҚазАқпарат.

BoxRec.com ақпаратына сәйкес, Әшкеевтің қарсыласы 37 жастағы аргентиналық Родольфо Эзикель Мартинес (43-8-3, 16 КО) болмақ.

Кездесу сегіз раундқа есептелген. Боксшылар бірінші жартылай орта салмақтағы WBC (UNSBC) тұжырымы бойынша бос тұрған АҚШ чемпионы титулына таласады.

Айта кетейік, Әшкеевтің алдағы жекпе-жектегі қарсыласы осымен төртінші рет ауысып отыр.