Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Matchroom Boxing басшысы Эдди Хирнмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

GGG-дің промоутері Хирн Инстаграм-парақшасында қазақстандық боксшымен бірге түскен суретін жариялап, «Чемпионмен жақсы кездесу. Келесі жекпе-жекті жоспарлап жатырмыз!» деген жазба қалдырды.

Айта кетейік, бұған дейін Хирн IBF-тің Головкинді поляк Камил Шереметамен жекпе-жек өткізіп, титулын қорғауға міндеттегенін айтқан еді.