Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) келесі қарсыласы Камил Шереметаның (21-0, 5 КО) сыйақысы белгілі болды.

Поляк боксшысы Камил Шеремета қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгені үшін 235 мың еуро сыйақы алмақ. Бұл оның мансабындағы ең қомақты қаражат.

Айта кетейік, Головкин мен Шеремета 8 не 29 ақпан күні Чикаго қаласында жекпе-жек өткізуі мүмкін.