Бүкіләлемдік бокс ұйымының президенті (WBO) Франциско Валькарсель мексикалық боксшы Сауль Канело Альварестің (53-2-1, 36 КО) чемпиондық белбеуден бас тартқаны туралы пікір білдірді.

- Альварес жартылай ауыр салмақта WBO белбеуін сақтап қалғысы келеді, - деп қысқа қайырды.

Айта кетейік, Канело 2 қараша күні Лас-Вегаста ресейлік Сергей Ковалевті (34-4-1, 29 КО) нокаутпен жеңіп, жартылай ауыр салмақта WBO чемпиондық белбеуін иемденді.