Беларусь мемлекетінің Гродно қаласында ауыр атлетикадан Alexander Cup олимпиадалық іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының қоржынына үш жүлде түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа қатысқан қазақстандықтардың нәтижесі:

Зүлфия Чиншанло (55 келіге дейін) – 3 орын

Екатерина Быкова (71 келіге дейін) – 1 орын

Нижат Рахимов (81 келіге дейін) – 1 орын

Айта кетелік, турнирге қатысқан Денис Уланов пен Игорь Сон түрлі себептермен жүлдеден қалыс қалды.