Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Зульфия Чиншанло Гродно қаласында (Беларусь) өткен халықаралық турнирде тұғырға көтерілді.

55 келіге дейінгі салмақта спортшы үшінші орынға ие болды. Ол 200 (85 + 115) келіні көтерді.

Бірінші орынды қытайлық Яджун Ли алды - 217 келі. Екінші орында да 215 келіні бағындырған қытайлық спортшы Вангчун Чжан иеленді.