Будапештте күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстандық балуан Евгений Поливадов грек-рим күресі бойынша әлем біріншілігінің қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Үшінші орын үшін белдесуде ол Армения спортшысы Арман Вардумянмен күресті. Белдесу барысында Поливадов қарсыласынан жеңіліп тұрып, кездесу соңында 16:7 есебімен айласын асырып кетті.

Айта кетерлігі, бұған дейін Қазақстан құрамасынан грек-рим күресінің шебері Темірлан Шадукаев ел қоржынына қола жүлдені салған болатын.