Грек-рим күресінің шебері Айдос Сұлтанғали бүкіләлемдік әскерилер ойының жүлдегері атанды.

Айдос Сұлтанғали 60 келіге дейінгі салмақта боз кілемге шықты. Алғашқы айналымда ресейлік қарсыласына жол бергенімен, екі жұбаныш белдесуінде жеңіске жетті. Бірінші жұбаныш кездесуінде литвалық Юстас Петравикусты 6:0 есебімен жеңсе, қола үшін белдесуде үндістандық балуанды 6:3 есебімен ұтты.

Ал 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Данияр Қаленов алғашқы кезеңде франциялық балуанға жол берді.