Қазақстан чемпионатының 33-турындағы «Астана» мен «Ертіс» арасындағы матч тегін өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz «Астана» футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы кездесудің соңында чемпиондық тондоны «Астана» командасына табыстау рәсімі өтеді. Осыған орай, нұрсұлтандық клуб өздерінің жетістігін жанкүйерлермен бөліскісі келеді .

Матч 10 қараша күні жергілікті уақытпен сағат 15.00-де басталады.

Еске сала кетелік, «Астана» командасы ҚПЛ-дың 32-турында сырт алаңда қостанайлық «Тобылды» 1:0 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын чемпион атанған еді.