«Астананың» бұрынғы ойыншысы Патрик Твумаси елордалық клубты Қазақстан чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Түркиялық «Газиантепте» жалда ойнап жүрген испаниялық «Алавес» футболшысы «Астананы» Инстаграм парақшасындағы «сториз» функциясы арқылы құттықтаған. Мұнда ол елордалық футболшыларды белгілеп, «Құттықтаймын, чемпиондар» деген жазба қалдырған.