Лас-Вегастағы MGM Grand кешенінде өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Сауль Альварес пен Сергей Ковалев кездесті.

12 раундқа жоспарланған жекпе-жек 11 раундта аяқталды. Сауль Альварес Сергей Ковалевті нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Осылайша Канело төртінші салмақ дәрежесінде чемпион атанып отыр.