АҚШ-тың Оксон-Хилл қаласындағы MGM National Harbor кешенінде өткен бокс кешінде қазақстандық Шыңғыс Тәжібай шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Кәсіпқой рингте жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген қазақстандық боксшы Шыңғысхан Тәжібай (8-0, 2 КО) қарсыласы аргентиналық Николас Атилио Веласкесті (11-6, 3 КО) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Қазақстандық боксшы соңғы кездесуін 2018 жылдың 27 қазанында америкалық Хуан Родригеске қарсы өткізген болатын.