Қазақстан ММА аралас жекпе-жек біріккен федерациясы Әлем және Азия чемпионы Бағдат Жұбаныштың Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясының «ММА спортынан ерлер арасындағы әлемнің ең үздік шебері» атағына үміткер атанғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетелік, Жұбаныш аралас жекпе-жектен10-16 қарашада Манамада (Бахрейн) өтетін әлем чемпионатына қатысады.