Arlan MMA Pro Team командасының сарбазы, FN Global чемпионы Жалғас Жұмағұлов YouTube желісіндегі TalkLike бағдарламасында алдағы жоспарлары туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Fight Nights Global» ұйымының шытырманы бітпейді. Сол үшін мен бәріне нүкте қойып, ол жерден «әдемі» кетуді қаладым. Мен, шынымен де, нүкте қойдым. Барлық мықтымен шығып, жеңіске жеттім. Бәріне дәлелдеп бердім. Енді мені ол жерден көрмейтін шығарсыздар. Енді тек алға жылжимыз. Егер UFC ұйымымен келісімшартқа отырмасам, мәнсабымды аяқтаймын. Жоспарым осындай.

Жастарды жаттықтырумен айналысамын. Қаржы тауып, жаттығу залын тұрғызамын. Жастарды жігерлендіруге күш саламын. Жастардың түзу жолда жүргенін, тәрбиелі болғанын және үлкенді құрметтеуін қалаймын», - деді Жұмағұлов.