Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов жаңартылған WBC рейтингісінде ТОП-15 қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын Ахмедов рейтингте 15-орынға жайғасты.

Айта кетейік, соңғы жекпе-жегінде Әли Ахмедов Головкин – Деревянченко жкпе-жегінің андеркардында америкалық Эндрю Эрнандеспен кездесіп, қарсыласын 30 секундта сұлатып салған еді.

Еске сала кетелік, Әли осы жекпе-жекте орта салмақтағы WBC International Silver белбеуін қорғап қалды.