Shamo Boxing промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтетін бокс кешінде қазақстандық Ғалым Шағатай өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

30 қазан күні өтетін кеште Ғалым Шағатай Мәскеуде шаршы алаңға шығады. Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық грузин боксшысы Пеле Садоянмен жұдырықтасады.

Кеше боксшылар ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Ғалым (63,250) Пеледен 250 граммға жеңіл боп шықты.