Украиналық боксшы Сергей Богачук америкалық Тайрон Брансонды нокаутқа түсіріп, бірінші орта салмақта WBC Continental Americas белбеуін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

АҚШ-тың Голливуд қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасқан Богачук қарсыласын бір рет нокдаунға түсірді, ал төртіншісінде Брансон тағы екі рет құлап, төреші жекпе-жекті бірден тоқтатты.

24 жастағы Богачук 16 кездесуінің барлығын да нокаутпен жеңген. 34 жастағы Брансон сегізінші рет жеңілді, ол 28 кездесуінде жеңіске жеткен (25 нокаут) және екі рет тең түскен.

Айта кетейік, Богачук - Брасон бокс кешін қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) промоутері Том Леффлер ұйымдастырды.