26 қыркүйекте Алматыда өткен бокс кешінде жеңіске жеткен қазақстандық спортшылар әлемдік рейтингте өз деңгейін жақсартты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын Арман Рысбек (7-0, 6 КО) өзбекстандық Мухитдин Раджапбаевты (10-7-1, 7 КО) нокаутқа жіберіп, BoxRec.com порталында 325-орыннан 201-ке жайғасты.

Төрешілер шешімімен жеңіске жеткен Сапарбай Айдаров (4-0, 2КО) 526-орыннан 356-орынға көтерілді.

Руслан Мырсатаев (7-0, 6КО) болса, 191-орыннан бірден 77 сатыға жоғарылады.