Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылғы әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңі аясында Румынияға қарсы кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Румынияның Пьятра-Нямц қаласында өткен матч 4:2 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.

Қазақстан - Румыния - 4:2 (1:2)

Голдар: Тайнан 6, 30, 40, Біржан Оразов 30 - Савио Валадарес 1, Мариуш Матей 4

Өткен кездесудің бейнешолуын назарларыңызға ұсынамыз.