Бүгін, 26 қазан күні футзалдан 2020 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу кампаниясында Қазақстан мен Румыния командалары кездесу өткізеді, деп жазады Prosports.kz.
Еске сала кетелік, Қазақстан құрамасы 5-топтағы Албанияны (4:0) және Нидерландты (5:0) есебімен жеңген болатын. Жеке-дара топ бастап тұрған жерлестеріміз румыниялықтармен Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22.00-де ойнайды.
2020 жылғы әлем чемпионаты. Іріктеу кезеңі. 5-топ.
Турнир кестесі
№ | Команда | Ойын | Д/а | Ұпай |
1. | Қазақстан | 2 | 9:0 | 6 |
2. | Румыния | 2 | 4:2 | 4 |
3. | Нидерланд | 2 | 1:6 | 1 |
4. | Албания | 2 | 1:7 | 0 |
Комментарии