Қазақстандық ауыр атлет Пхеньянда өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұрғиса Әділетұлы 89 келі салмақта өнер көрсетіп, күміс жүлде жеңіп алды. Спортшы жалпы 357 келіні көтерді. Алтын медаль алу үшін Нұрғисаға бір келі ғана жетпей қалды.

Еске сала кетейік, кеше 81 кг салмақтағы Есенгелді Сапи күміске ие болған еді.