Бүгін Кореяның Пхеньян қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионатының кезекті жарыс күні өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Ақмолда Сайрамкез 61 келі салмақ дәрежесінде құрлық біріншілігінде қола медаль жеңіп алды. Спортшы 258 келіні (115 + 143) көтерді.

Еске салайық, осыған дейін Абылай Әуелханов алғашқы қола медальды еншілеген болатын.