23 қазан күні Чилидің Сантьяго қаласында каратеден кадеттер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Әлемдік додадағы алғашқы жүлдені Рауан Амантайұлы жеңіп алды. Қазақстандық спортшы «ката» санатында сынға түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұл аталған санат бойынша қазақ каратесінің тарихындағы алғашқы жүлде саналады.

Алтын жүлдені түркиялық Фуркан Қайнар, күмісті мысырлық Хусейн Мохамед, тағы бір қола медальді венесуэлалық Фернандо Замбрано еншіледі.